13 қаңтар 2022 12:06

Муратаның командасы Головкинге қарсы жекпе-жек қашан өтетінін хабарлады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:@ryota_murata_official, Тұрар Қазанғапов Фото:@ryota_murata_official, Тұрар Қазанғапов

WBA тұжырымы бойынша "суперчемпион" Риота Муратаның (16-2, 13 КО) өкілі Акихико Хонда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жекпе-жек қашан өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


WBA тұжырымы бойынша "суперчемпион" Риота Муратаның (16-2, 13 КО) өкілі Акихико Хонда IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкинге (41-1-1, 36 КО) қарсы жекпе-жек қашан өтетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Головкиннің командасы Жапониядағы жағдаймен жақсы таныс. Алдағы уақытта керемет бокс кешін ұйымдастырып, сәуірде қос алып рингте қолғап түйістіреді деп сенеміз. Муратаның Лондон Олимпиадасында орта салмақта чемпион атанғанына 10 жыл болды. Олимпиада "алтынының" беделі жоғары екені рас. Дегенмен ол әлі де белсенді. Риота маған Геннадиймен ертерек айқас ұйымдастыруды сұрады", - дейді Хонда nikkansports.com сайтына берген сұхбатында.
 

Бастапқыда жапон тарапы кейінге қалдырылған жекпе-жекті ақпанда өткізуді жоспарлаған. Алайда сәуірге дейін күтуді жөн көрген. Өйткені коронавирусқа байланысты шетел азаматтарына елге кіруге қашан рұқсат беретінін белгісіз. Сонымен қатар, yahoo.co.jp сайты мәліметінше, Головкиннің командасы бұл шешімді қолдап, Жапонияға барғанда оқшаулануға келіскен.

Еске салайық, Головкин мен Риота арасындағы жекпе-жек былтыр желтоқсанда Токио төрінде өтуі тиіс еді. Алайда күншығыс елінде коронавирус өршіп кеткеніне байланысты кездесу кейінге шегерілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети