Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назым Қызайбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды

27 Мамыр 2016, 16:17
0
© Kfb.kz
© Kfb.kz

Қазақстандық боксшы қыз Назым Қызайбай бокстан екі дүркін әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионатында Қызайбай қытайлық спортшы Ван Юяньмен кездесті. Бірінші раундта Назым қарсыласынан 10:9 есебімен басым түссе, қалған раундтарда да боксшы жеңіске жетіп, сайыс 3:0 есебімен қазақстандықтың пайдасына шешілді. Астанадағы бұл жеңіс Назым Қызайбай үшін үшінші болып отыр. Оның қоржынында бұған дейін бір қола (2012) және бір алтын (2014) медаль бар болатын. 

Қазақстан құрамасына екінші алтынды 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Дина Жоламан алып берді. Финалда қазақстандықтың қарсыласы болгариялық спортшы Стойка Петрова болды. Бұл сайыс та 3:0 есебімен Динаның пайдасына шешілді.

Айта кетейік, турнирдің финалына Валентина Хальзова (69 келі салмаққа дейін) және Ләззат Күнгейбаева (81 келі салмақтан артық) да өткен болатын. Жайна Шекербекова (51 келі салмаққа дейін) мен Айжан Қожабековаға (57 келі салмаққа дейін) қола медаль бұйырды.

Еске салайық, Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем біріншілігінде жеңіске жеткендер 6-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай