26 мамыр 2016 18:22

Назым Қызайбай мен Дина Жоламан бокстан әлем чемпионатының финалына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kfb.kz © kfb.kz

22 жастағы Назым Қызайбай мен 23 жастағы Дина Жоламан Астана қаласында әйелдер арасынан өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


22 жастағы Назым Қызайбай мен 23 жастағы Дина Жоламан Астана қаласында әйелдер арасынан өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Әлем чемпионы Назым Қызайбай (48 келі салмақ дәрежесіне дейін) Қытайдың Янг Гум У есімді боксшысымен жартылай финалда кездесіп, қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Қазақстандық спортшы қыз үшін бұл мансабындағы екінші әлемдік финал екен. Айта кетейік, ол 2012 жылы өткен әлем чемпионатында қола жүлдені иеленсе, 2014 жылы алтын жүлдені иеленген. Назым Қызайбайдың ендігі қарсыласы - қытайлық Ван Юянь.

Сонымен қатар, 54 келі салмақта жұдырықтасатын Дина Жоламан қытайлық Лю Пиаопиаоны жеңген болатын. Дина бірінші раундта жеңіліп, екінші раундта жеңді. Оның ендігі қарсыласы АҚШ-ғы Кристина Крус есімді боксшыны жартылай финалда жеңген болгар спортшысы Стойка Петрова.

Осыған дейін әлемдік турнирдің жартылай финалына Жайна Шекербекова (51 келі салмаққа дейін), Айжан Қожабекова (57 келі салмаққа дейін), Валентина Хальзова (69 келі салмаққа дейін) және Ләззат Күнгейбаева (81 келі салмақтан артық) есімді спортшылар өткен еді.

Еске салайық, Астанада өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем біріншілігінде жеңіске жеткендер 6-21 тамыз аралығында Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатыса алады. Турнир "Барыс-Аренада" өтіп жатыр. Ал ақтық кездесулер 27 мамырда өтеді. Жекпе-жек сағат 15.00-де басталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети