Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

"Нокаутқа түсіремін". Ұлыбританиялық боксшы Головкинді жекпе-жекке шақырды 13 мамыр 2022, 13:10

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс-чемпионы ұлыбританиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото xsport.ua сайтынан Фото xsport.ua сайтынан

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) әлемнің экс-чемпионы ұлыбританиялық кіші Крис Юбенкпен (32-2, 23 КО) жекпе-жек өткізуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы ұлыбританиялық спортшы Thaboxingvoice YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.

"Головкин менімен жекпе-жек өткізуіне тура келеді деп ойлаймын. Бұл кездесуді жылдар бойы күтіп келемін. Қазір орайы келіп тұрған секілді. Әрдайым үлкен жекпе-жектер өткізуге тырысамын. Оның екі белбеуі бар. Сондықтан кездесу ұйымдастыруымыз керек", - деді ол.

Журналистің "Головкинді нокаутқа түсіре аласың ба" деген сұрағына ұлыбританиялық боксшы сенімді жауап берді. 

"Әлбетте. Қазір менің уақытым келді. Нағыз бабымдамын. Өзіме ыңғайлы орта салмаққа оралдым. Сондықтан өзіме сенімдімін", - деді кіші Юбенк. 

Еске салайық, бұған дейін кіші Крис Юбенк Геннадий Головкинмен жекпе-жек өткізу үшін келіссөз жүргізген, бірақ екі тарап келісімшарт жасаса алмаған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram