15 қазан 2021 08:52

"Ол қайда жүр?" Канело Головкинге қарсы трилогия туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© USA Today © USA Today

Бокстан екінші орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Чемпионат".


Бокстан екінші орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек өткізуге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды "Чемпионат".

"Мен бәріне дайынмын, ең үздік жекпе-жектер өткізуге дайынмын. Сіздер, журналистер, осы трилогияны сұрай бересіздер. Мен одан маңызды істермен айналысамын. Ол қайда жүр? Менімен жекпе-жектен кейін не істеді? Ештеңе.

Бұған уақытымды жоғалта алмаймын. Мен карьерамдағы басқа да маңызды істермен айналысамын. Чемпиондарды, жеңілмеген боксшыларды жеңемін", - деп келтіреді мексикалықтың сөзін ESPN Deportes.

Бұған дейін Канело Головкинмен екі жекпе-жек өткізген. 2017 жылы алғашқы кездесу тең аяқталған, ал 2018 жылы екінші жекпе-жекте мексикалық жеңген болатын.

6 қарашада екінші орта салмақта WBA, WBO және WBC белбеулерінің иесі Альварес америкалық боксшы, IBF чемпионы Калеб Плантпен жұдырықтасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети