28 сәуір 2022 12:53

Промоутер Головкин-Канело трилогиясы қайда өтуі мүмкін екенін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық Геннадий Головкинмен де, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен де жекпе-жек ұйымдастырып жүрген ұлыбританиялық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн боксшылардың трилогиясы туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандық Геннадий Головкинмен де, мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен де жекпе-жек ұйымдастырып жүрген ұлыбританиялық Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн боксшылардың трилогиясы туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол FightHype-ке берген сұхбатында жекпе-жек өтетін орынды атады. Бұл ретте Хирн бәрі "Канело" мен ресейлік Дмитрий Бивол арасындағы жекпе-жекке байланысты екенін айтты. Жекпе-жек қазақстандық уақыт бойынша 8 мамырда таңертең өтеді.

"Иә, бұл біздің жоспарымыз. Бәрі келесі сенбіде шешіледі. Токиода бәрі жақсы өтті (Головкин-Мурата жекпе-жегі - авт.еск.). Бірақ "Канело" келесі аптада Биволды жеңуі керек. Бұл ғажап жекпе-жек болады. Бивол қазір бабында. Ол "Канелоға" қарсы бар күшін салуға дайын. Келесі сенбіде керемет жекпе-жек өтеді деп ойлаймын. Егер "Канело" жеңіске жетсе, онда қыркүйекте GGG-мен трилогия өтеді деп күтуге болады", - деді промоутер.

Оның айтуынша, жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған. Жекпе-жек өтетін орын туралы сұраққа Хирн түрлі нұсқа қарастырылып жатқанын айтты. "Бірақ менің ойымша, Лас-Вегас бұл жекпе-жек үшін фаворит болады", - деп қосты ол.

Еске салайық, Головкин мен Альварес екі рет жекпе-жек өткізген. Екі жекпе-жек те Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) T-Mobile аренасында өткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети