21 желтоқсан 2016 16:04

Рой Джонс Қазақстанға келіп тоңып қалды: Оған Қарағандыда жылы киім алуға тура келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокс аңызы Рой Джонс Қарағандыда жүріп нағыз шопинг жасады. Белгілі боксшы Қарағандыдағы сауда орталығына қатты тоңғаннан барған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне құрметті қонақтың келуін ұйымдастырған Нұрғазы Жарылғапов айтып берді.


Бокс аңызы Рой Джонс Қарағандыда жүріп нағыз шопинг жасады. Белгілі боксшы Қарағандыдағы сауда орталығына қатты тоңғаннан барған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне құрметті қонақтың келуін ұйымдастырған Нұрғазы Жарылғапов айтып берді.

Рой Джонс Қарағанды әуежайына Майамиден Қазақстанның климатына сай келмейтін киіммен түскен. Сондықтан ұйымдастырушылар оны бірден сауда орталығына апарып, ол жерде атақты спортшы өзіне киім сатып алған. "Бұл жерде Рой Джонс өзіне жылы куртка мен аяқ киім сатып алды, өйткені мұнда ол қатты тонған. Оған белгілі маркалы киімдер ұнады. Ол заманауи бутикте бірнеше куртканы киіп көріп, өзіне ұнағанын алды. Оның әр түрлі бренд киіп жүргенін көре алмайсың", - дейді Нұрғазы Жарылғапов.

Қарағандыға келген әлем жұлдызы қаланың басты көшелерін аралап, жанкүйерлерімен суретке түсті және жоғары шенді мемлекеттік қызметкерлермен кездесті.

Ұйымдастырушы боксшыға Қарағанды ұнағанын - мұнда ол екінші рет келгенін айтады. ҚазССР-дің еңбек сіңірген бапкері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық бокс турнирінен кейін Рой Джонс Қарағандыда сатып алған киімімен Астанаға аттанды. 


Ұйымдастырушылар жолдаған суреттер

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети