25 тамыз 2014 11:57

Рубио Головкинді ұлы чемпион деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марко Антонио Рубио. ©fightnews.ru Марко Антонио Рубио. ©fightnews.ru

Орта салмақтағы WBС тұжырымының уақытша чемпионы, мексикалық былғары қолғап шебері Марко Антонио Рубио WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға тыңғылықты дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBС тұжырымының уақытша чемпионы, мексикалық былғары қолғап шебері Марко Антонио Рубио WBA (Super) және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға тыңғылықты дайын екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рубионың айтуына қарағанда, әлем чемпионы тек мықты боксшылармен жұдырықтасу керек. "Мен чемпион болғанға дейін мықты боксшылармен жұдырықтасқанмын. Енді чемпион болғаннан кейін ешкімнен қашпай, мықты боксшылармен жұдырықтасуға тағы бір себеп туып тұр. Мен Головкинмен өтетін кездесуге тыңғылықты дайынмын. Мұны тек сөзбен айту жеткіліксіз, оны істеп дәлелдеу керек. Мен ұлы чемпионға қарсы кездесу өткізетініме қуаныштымын. Бұл менің ғұмырымдағы ең маңызды жекпе-жек болмақ", - дейді Рубио. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Айта кетейік, Головкин мен Рубио арасындағы кездесу 18 қазанда Карсон қаласындағы (Лос-Анджелес, Калифорния штаты) StubHub Center-де өтеді, ол HBO телеарнасынан тікелей көрсетіледі. Еске сала кетейік, бұл жекпе-жек 32 жастағы Геннадий Головкиннің 2014 жылдағы үшінші және кәсіби шаршы алаңдағы 31-кездесуі болмақ. Ақпан айында боксшы Монте-Карлода ганалық Осуману Адаманы, шілде айында Нью-Йоркте австралиялық Дэниэл Гилді жекпе-жектің аяғына дейін жеткізбей жеңіп кеткен болатын. Ал 34 жастағы Рубио осы уақытқа дейін кәсіпқой бокста 66 кездесу өткізіп, оның 59 жекпе-жегінде жеңіске жетсе, 6 кездесуінде жеңіліп, бір кездесуде қарсыласымен тең түскен.   

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети