Сарапшылар Головкиннің алғашқы жеңілісіне "кінәлілерді" тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарапшылар Головкиннің алғашқы жеңілісіне "кінәлілерді" тапты © HBO Boxing

Showtime телеарнасының комментаторы, сарапшы Эл Бернштейн мен ESPN маманы Дэн Рафаэль қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымтаны қайта қарап шығып, төрешілер шешіміне келіспейтіндерін айтты, - деп жазады Vesti.kz.


Мамандар шешуші 12-раунд бойынша екі төрешінің ұпайларымен келіспеді. Дэйв Моретти және Гленн Фельдман бұл ұпайларды Альвареске жазып, мексикалық ұпай санымен алға шыққан (115-113, 115-113, 144-114). Екі төреші де 12-раундта Головкин жеңді десе, кездесу тең аяқталатын еді.

"Головкин - "Канело" қарымтасының 12-раундын қайта қарадым. Жекпе-жектің басқа бөлігін айтпағанда, 12-раунд шешуші болды. Меніңше, "Канело" ол кезде ешқалай басым болмады. Головкин нақты және күшті соққыларды көбірек жасады", - деп жазыпты Бернштейн Twitter желісіндегі парақшасында.

"Головкин 12-раундта басым болғанын бәрі біледі. Мұнда ешқандай сұрақ жоқ", - деп Том Леффлер бұл жазбаны ары қарай жалғастырған.

"10 миллион пайыз беремін, 12-раундты Головкин жеңді", - деп қостады Рафаэль.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен 16 қыркүйекте өткен реваншта жеңіліп қалған болатын. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114. Головкиннің барлық титулы Альвареске өтті - орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO белдіктері. Мексикалық боксшыға The Ring чемпиондық титулы да бұйырды, журнал оны Альварестен тартып алған болатын.

Головкин келесі жекпе-жегінде белбеуін қайтара алады

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +23
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +20
Т
Талдықорған +20
Тараз +20
Түркістан +19
О
Орал +20
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер