20 қараша 2022 10:04

"Шаршадым". Жалғас Жұмағұлов күтпеген мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

instagram.com/zhumagulov_zhalgas instagram.com/zhumagulov_zhalgas

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) карерасын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) карерасын аяқтайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бесінші рет жеңілгеннен кейін Жұмағұлов Instagram-парақшасында үндеу жасады.

"Жекпе-жекті бәрі көрді, не айтамын? ЕШтеңе айта алмаймын. Бұл менің соңғы жекпе-жегім болды. Енді төбелескім келмейді. Қанша рет жекпе-жекке шықтым, төрешілер маған жеңіс бермейді. Шаршадым - барыңды салып сонша еңбектенесің... Қазір эмоцияға салынып отырған жоқпын, барын айтып отырмын", - деді Жұмағұлов.

Еске салайық, аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-8) кезекті рет жеңілді. Отандасымыз Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 215 турнирінде төрешілердің бөле жарған шешімімен америкалық спортшы Чарльз Джонсонға жол берді.

Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Жалғас дәл соққылар көрсеткіші және шабуылда ширақ қимылдарымен көзге түскен. Бір тейкдаун да еншісінде бар еді. Алайда екі төреші америкалық спортшыны 29:28 есебімен жеңімпаз деп таныған. Бір төреші Жалғасқа басымдық берген. Нәтижесінде жеңіс қарсыласына бұйырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети