13 қыркүйек 2017 16:40

"Шаршы алаңға шыққанға дейін мен Геннадий Головкинмін, ал рингте - Triple G"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Лас-Вегаста мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен өтетін жекпе-жек туралы өз пікірін білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Лас-Вегаста болу керемет сезім. Жекпе-жек осы жерде болатыны қандай жақсы. Шаршы алаңға шыққанға дейін мен Геннадий Головкинмін, ал рингте - Triple G. Бұл менің қатігез екенімді білдірмейді. Менің бар ойым жекпе-жекте. Бұл жанкүйерлер үшін сөзсіз жақсы кездесу. Мен үшін де керемет жекпе-жек. Маған ұнары сөзсіз", - деп жазады BoxingScene Головкиннің сөзін.

Головкиннің айтуынша, ол Альвареспен оның Коттомен өткізген жекпе-жегінен кейін жұдырықтасқысы келген. "Ол менің міндеттелген қарсыласым болды. Мен ескі мектептің шәкіртімін. Мен бір ғана чемпионның болатынына сенемін. Спорттық мансабымда мен қалаған қарсыластар (Феликс Штурм, Серхио Мартинес, Мигель Котто) менімен шыққысы келмеді. Алайда енді барлығы сенбіде аяқталады", - деп жазады BoxingScene Головкиннің сөзін.

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді. Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети