09 маусым 2019 10:21

"Стив екінші раундта жеңіске жетті" - Роллстың промоутері өз боксшысын мақтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Канадалық Стив Роллстың промоутер Лу ДиБелла қазақстандық Геннадий Головкинді "Бокс даңқы залының панчері" деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Канадалық Стив Роллстың промоутер Лу ДиБелла қазақстандық Геннадий Головкинді "Бокс даңқы залының панчері" деп атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"GGG-ге құрмет білдіремін, ол нағыз GGG бола алады. Бұл біз ойлағандай жекпе-жек болмады, бірақ мен Стив Роллспен мақтанамын. Ол бірнеше жақсы соққы бағыттап, екінші раундты жеңіп алды. Бокс даңқы залының панчеріне қарсы кездесуде ашық қалсаңыз, үлкен қауіп төнеді. Бірақ бұл жекпе-жекке бармағаннан әлдеқайда жақсы", - деп жазды ДиБелла. 

Айта кетейік, Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты төртінші раундта нокаутпен жеңді. Жекпе-жек 74,4 келі салмағында өтті. Сонымен қатар жекпе-жек Нью-Йорктегі Madison Square Garden алаңында өткен бокс шоуының ең басты кездесуі болды.

Ал жекпе-жектен соң Головкин "Канеломен" үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізген еді.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети