09 қыркүйек 2017 23:08

Техникалық нокаут. Қанат Ислам жеңіліп көрмеген канадалық қарсыласынан басым түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Qazaq Ислам жеңіліп көрмеген канадалық қарсыласы Брэндон Кукті техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Qazaq Ислам жеңіліп көрмеген канадалық қарсыласы Брэндон Кукті техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен жекпе-жектің бірінші раундынан-ақ басымдығын көрсеткен отандасымыз канадалыққа үдете ауыр соққылар жасады, ал үшінші раундта оң қолымен шірене жасаған соққысынан қарсыласы ауыр нокдаунға түсті. Кукті бұл жағдайдан гонг құтқарды. Ал төртінші раундта Қанат Ислам есеңгіреп қалған канадалықты тықсырта түскен, алайда ол еңсесін тіктеп, қорғанысты ойлаған.

Бесінші раундтың басында Qazaq өз қарсыласын тағы да ауыр нокдаунға түсірді. Бұл жолы соққы сол қолмен жасалды. Алтыншы раундта канадалық есін жиғандай да болды, бірнеше соққысы қазақстандыққа тиіп жатты. Алайда сегізінші раундта отандасымыз оны үшінші мәрте нокдаунға түсірген. Мұнда да Брукті гонг құтқарды. 

Жекпе-жектің нүктесі тоғызыншы раундта қойылды. Төреші техникалық нокаутты тіркеді. 

Осылайша Қанат Ислам кәсіпқой бокстағы 25-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр. Қазақстандық WBO NABO және WBA Inter-Continental титулдарын қорғап қалды.

Ал қарсыласы Брэндон Кук тұңғыш рет жеңілістің ащы дәмін татты - 18 кездесуінің бәрінде де жеңіске жеткен ол қазақстандық боксшыға есе жіберіп отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети