06 мамыр 2018 11:19

"Үстімнен пойыз жүріп өткендей болды" - Мартиросян Головкиннің соққысы жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Boxing Scene © Boxing Scene

Америкалық бокс Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 KO) қазақстандық Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО), екінші раундта нокаутпен жеңілгеннен кейін отандасымыздың соққы күші қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Америкалық бокс Ванес Мартиросян (36-4-1, 21 KO) қазақстандық Геннадий Головкиннен (38-0-1, 34 КО), екінші раундта нокаутпен жеңілгеннен кейін отандасымыздың соққы күші қандай екенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Пойыз астында қалғандай болдым. Бір ғана емес, барлық соққысы сондай болды. Бұған дейін мені ешкім бұлай қатты ұрмаған. Головкин - сұмдық панчер. Әрбір соққысы дәл әрі мығым болды. Головкин соққысының күшімен таңғалдырды. "Канелоның" әлгі етті не үшін жегенін түсіндім", - деді Мартиросян жекпе-жектен кейін. 

Америкалық карьерасында алғаш рет уақытынан бұрын жеңіліп отыр. Жеңілістерінің жалпы саны - 4. Бұған дейін Мартиросян үш мәрте төрешілердің шешімімен қарсыласқа есе жіберген еді. 

Ал мұның алдында Головкин Мартиросянның бірнеше жақсы соққы дарытқанын айтып берген болатын.

"Тамаша күйдемін. Қазақстандық достарыма көп рақмет, қолдаған барша адамға рақмет. Ванес - тамаша боксшы, бірнеше жақсы соққысын дарытты. Бірінші раундта кездесу қиын болады деп ойладым, бірақ екінші раундта бәрі де бітті. Бұл Синко де Майоға орай керемет сый болды", - деді Головкин рингте. 

Сонымен қатар, ол жақсы қарсылас іздейтінін мәлімдеді. "Қыркүйекте "Канеломен" реванш дейсіз бе? Ол дайын болса, біз дайын. Кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын. Тоғыз жыл бойы чемпионмын, белбеулерім толып жатыр. Жігіттер, қолдарыңнан келсе, келіп алып кетіңдер", - деп мәлімдеді қазақстандық боксшы.

Еске салайық, 6 мамырда таңғы уақытта Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде кездесуде Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети