01 маусым 2021 09:42

Василий Левит күміс медальді тағудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит Азия чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдені марапаттау рәсімінде тағудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит Азия чемпионатында жеңіп алған күміс жүлдені марапаттау рәсімінде тағудан бас тартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Дубайда өткен жарыстың 91 келідегі финалында ол төрешілердің даулы шешіміне тап болды. Жеңіс пен алтын жүлде үндістандық боксшы Санжитке берілді. Қазақстандық боксшы жүлдені алмау арқылы бұл шешіммен келіспейтіндігін білдіргенге ұқсайды. 

Айта кетейік, Левит - үш рет Азия чемпионы болған қазақстандық жалғыз боксшы. Ол құрлықтық жарысты 2009, 2015 және 2017 жылдары жеңіп алған. Ал 2019 жылы ол бұл турнирдің қола жүлдегері болған.

Еске салайық, Дубайда өткен чемпионатта финалға шыққан бес боксшымыздың ешқайсына алтын бұйырмады. Левитттен бөлек, күміс жүлдені Даниял Сәбит (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) иеленді. Сәкен Бибосынов (52 келі) қола жүлдегер. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети