WBA Дортикостың промоутерлік компаниясын Шүменовпен жекпе-жек өткізу құқығынан айырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

WBA Дортикостың промоутерлік компаниясын Шүменовпен жекпе-жек өткізу құқығынан айырды Юниер Дортикос © AllBoxing.ru

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) Caribe Promotions компаниясын ауыр салмақтағы regular әлем чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменов пен осы салмақтағы уақытша чемпион атағына ие кубалық боксшы Юниер Дортикос арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру бойынша эксклюзив құқығынан айырды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі BoxingScene.com басылымына сілтеме жасап. 


Дортикостың мүддесін қорғайтын Caribe Promotions компаниясы промоутерлік сауданы (350 001 доллар) былтыр қарашада ұтып алған болатын. Осы арқылы олар жекпе-жекті үш ай ішінде өткізуге міндеттелген еді. Алайда WBA бірнеше рет сұраныс жасағанымен, еш дайындық жүргізілмеген. Оның үстіне Дортикостың командасы 11 ақпанға белгіленген жекпе-жекті кейінге шегеруді сұраған. 

Осылайша, жекпе-жек өткізу құқығы промуотерлік сауда кезінде екінші болған Том Браунға (TGB Promotions компаниясы) өтті.

Еске салайық, Шүменов-Дортикос жекпе-жегінің жеңімпазы WBA ұйымының қазіргі "суперчемпионы" Денис Лебедевке міндетті қарсылас болады. 

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +29
Астана +24
Ақтау +25
Ақтөбе +21
Атырау +24
Б
Балқаш +30
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +27
П
Павлодар +20
Петропавл +30
С
Семей +30
Т
Талдықорған +30
Тараз +34
Түркістан +21
О
Орал +26
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +29

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер