Жеңілмеген қазақстандық боксшы Канадада "Акуламен" жұдырықтасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Канадада "Акуламен" жұдырықтасады Нұрзат Сабыров. © Eye Of The Tiger Managment

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өтетін жекпе-жектегі қарсыласын білді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Нұрзат Сабыров (10-0, 9 КО) 26 қыркүйекте Канаданың Монреаль қаласында өтетін жекпе-жектегі қарсыласын білді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметі бойынша, 25 жастағы Сабыров "Акула" лақапатымен жұдырықтасатын, 28 жастағы мексикалық Бруно Сандовалмен (20-3-1, 16 КО) кездеседі. Кездесу он раундқа есептелген. 

Сандовал рингке соңғы рет 2018 жылы қазанда шығып, украиналық Рамиль Гаджиевпен (9-1-1, 5 КО) WBC Silver титулын сарапқа салған. Сол кездесуде ол қарсыласынан нокаутпен ұтылған. Жалпы алғанда, ол 24 жекпе-жек өткізіп, 20-сын жеңіспен аяқтаған. Оның 16-сы - нокаутпен. Боксшының еншісінде үш жеңіліс пен бір тең есеп бар.

Осы кеш аясында қазақстандық Батыр Жүкембаев (16-0, 13 КО) 32 жастағы мексикалық Мигель Васкеспен (41-3, 15 КО) жұдырықтасады. Сондай-ақ қазақстандық тағы бір боксшы Аман Қазанғапов (0-0-1) сол кеште жекпе-жек өткізеді. Бірақ қарсыласы белгісіз. 

Естеріңізге салсақ, биыл 30 маусымда өткен соңғы жекпе-жегінде Сабыров венгриялық Ласло Тотты (27-5-1, 19 КО) нокаутпен жеңген болатын. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 487.73   560.54   6.65 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +21
Ақтау +23
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +18
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +18
П
Павлодар +19
Петропавл +18
С
Семей +20
Т
Талдықорған +20
Тараз +22
Түркістан +18
О
Орал +18
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер