Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

2017 жылдан бастап жылжымайтын мүлік сатқан қазақстандықтардан 10 пайыз салық алу жоспарланды

01 Сәуір 2016, 00:11
0
© odpublik.net
© odpublik.net

2017 жылдан бастап жылжымайтын мүлік сатқан қазақстандықтардан 10 пайыз салық алу жоспарланды, - деп хабарлайды "Крыша". Осыған дейін бұл норма сатылатын тұрғын үйге бір жылдан аз уақытқа иелік еткендерге ғана қатысты еді.

Бұл норманы болжам бойынша келесі жылдың басынан бастап қабылданатын ҚР жаңа Салық кодексінің концепциясына енгізу ұсынылып отыр. Қазіргі кодекс бойынша, егер тұрғын үй немесе пәтер азаматтың меншігінде бір жылдан аса уақыт болса, онда нысанды сату кезінде ол салықтан босатылады, бірақ 2015 жылдың қарашасында осы норма алып тасталған еді.

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің салық заңнамасына түсінік беру басқармасының жетекшісі Еділ Әзімшайық бұл салықты есептеудің мән-жайын айтып берді. "Біздің жұмыс тобымыз әділ тәсіл болуы үшін бұл салықты есептеу кезінде ресми инфляция көлемін есепке алуды ұсынады, ол мүліктің құнына және қаражаттың құнсыздануына, сонымен қатар, мүлікке иелік ету кезінде жасалатын жөнжеу жұмыстарындағы шығындарға әсер етеді. Тағы бір нұсқа - бір жылжымайтын мүлікті сату кезінде қуыну мерзімінің бойында, яғни бес жылда бір рет сататын қожайындарды босату", - деді Әзімшайық. 

Оның айтуынша, олар жылжымайтын мүлік пен жерге салынатын салықты біріктіруді ұсынады - "Меншікке салық". "Осы салықты есептеу бойынша бірнеше ұсыныс бар: мәселен, жеке үйлердің иелері бес жылда бір рет өз баспанасының тәуелсіз бағасын жасатып отырады. Ал пәтер иелеріне келсек, онда жердің кадастр құны есепке алынатын шығар, ал пәтердің өз құнын жыл сайын техникалық инвентаризациялау бюросы нақты келісімдер мен сомаларға қарап отырып есептейді, бірақ олар қазіргідей хабарландыруларға қарап жасамайды", - деп атап өтті Әзімшайық.

Барлық салық түріне өзгерістердің биылғы қыркүйектің соңына дейін қабылдануы керектігі айтылады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай