"7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін не істеу керек?

04 Мамыр 2018, 15:47
4
"7-20-25" бағдарламасына қатысу үшін не істеу керек? -

Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев Астанада ҚР Парламенті Сенатының отырысында сөйлеген сөзінде "7-20-25" бағдарламасына қатысқысы келетін азаматтарға бірқатар ұсынымдар берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші, Ұлттық Банк басшысының айтуынша Бағдарламаға қатысушы сатып алғысы келетін тұрғын үйді таңдауға тиіс. Бағдарламада тұрғын үйдің шекті құны белгіленетін болады. Мәселен, Астана, Алматы, Ақтау және Атырау сияқты қалаларда тұрғын үйдің ең жоғарғы құны 25 миллион теңге, басқа өңірлер үшін - 15 миллион теңге болады. Бастапқы кезеңде тек бастапқы тұрғын үйді сатып алуға ғана өтініштер қаралатын болады деп болжанып отыр", - дейді Ақышев.

Екіншіден, оның айтуынша, бағдарламаға қатысқысы келетін азамат өтініш пен қажетті құжаттарды алып банкке келуі тиіс. "Біз жақында қажетті қаржылық көрсеткіштері бар, филиалдық желісі дамыған және азаматтарға қызмет көрсетуге жағдайы бар банктерді, сондай-ақ қажетті құжаттардың базалық тізбесін анықтаймыз", - деп атап өтті Ұлттық банк басшысы.

Сонымен қатар ол қатысушының кредитке қызмет көрсету үшін қажетті кірісінің болуы, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы қажет екенін айтты.

"Ұлттық банк аталған қағидаларды түсіндіру үшін барлық күш-жігерін салады және халықпен белсенді жұмыс жасауға дайын", - деп сөзін қорытындылады ол.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (4)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай