21 маусым 2018 11:15

"7-20-25" қатысушыларының мүлкі кедергісіз әрі дереу сатылуы керек - Ұлттық банк

ПОДЕЛИТЬСЯ

© usolie.info © usolie.info

Мемлекет басшысының "Әрбір отбасы үшін баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру" әлеуметтік бастамасын іске асыру үшін кредитор мен қарыз алушының мүдделері арасындағы мүдделер теңгерімінің сақталуын қамтамасыз ететін құқықтық ортаны құру қажет. Бұл туралы бүгін Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында баяндама жасаған кезде айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк төрағасының айтуынша, бағдарламаның болашақта орнықтылығының маңызды талабы - банк пен борышкердің нарықтық қағидаттарды сақтауы, оның ішінде проблемалық берешекті сотқа дейін реттеу және кепіл кредиторларының басымдығы мәселелерінде сақтау болып табылатынын атап өтті.

"Кепіл институты жан-жақты болуы керек. Кепіл ұстаушының өз талаптарын қанағаттандыру үшін кепіл мүлкін кедергісіз әрі дереу сату мүмкіндігі болуға тиіс. Мұндай түзетулерсіз "7-20-25" бағдарламасын сәтті іске асыру мүмкін емес", - деп қорытындылады Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Данияр Ақышевтың айтуынша, заңнамалық түзетулер қабылданған жағдайда, банктер халыққа жақын арада кредиттер бере бастайды.

Сөзін қорытындылай келе Ақышев Сенат депутаттарына осы заң жобасын қарау шеңберінде жүргізген жұмысы үшін алғыс білдірді. 

Еске сала кетейік, 19 маусымда "7-20-25" тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бекітілген болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети