09 ақпан 2020 14:26

Бұзылған барлық үй қалпына келтіріледі - Сапарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Өткен түнде Жамбыл облысының Қордай ауданында құқықтық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тұрақталды, ауылдықтардың өмірі қалыпты арнасына түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Өткен түнде Жамбыл облысының Қордай ауданында құқықтық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ. Жағдай тұрақталды, ауылдықтардың өмірі қалыпты арнасына түсіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үкімет комиссиясы жұмысының екінші күнін ауылдар мен шекара маңы өткізу пункттерін аралаудан бастады. 

"Қарасу" шекара бекетінде адамдар жоқ, ал Қырғызстаннан келген адамдар кезегі "Ауқатты" пунктінде пайда болған. Бұлар - осыған дейін көршілес республикаға кетіп қалып, енді үйлеріне оралып жатқан қазақстандықтар. Олардың ішінде әйелдер мен балалар көп. 

Бердібек Сапарбаев отандастарымыздан сабырлық сақтап, арандатулардың ықпалында кетпеуді сұрады. 

"Сіздерден арандатуларға ермеуді сұраймыз. Бұзылған барлық үйлерді біз қалпына келтіреміз, отбасыларға көмек көрсетеміз. Біздің мамандар жұмыс істеп жатыр, залалды бағалауда. Біздің барлығыңызға тағы айтарымыз, кетіп қалған, қазір Қырғызстанда өз туыстарын паналап жатқан жақын-жуықтарыңызға елге қайту керектігін жеткізсеңіздер", - деді Б. Сапарбаев өткізу пунктінде жиналған қауымға. 

Сапарбаев аудандағы жағдайдың тұрақталғанына сендірді. 

"Президент тапсырмасы бойынша мұнда арнайы Үкімет комиссиясы келді, оның құрамында мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары бар. Өткен тәулікте ешқандай оқиға да, құқық бұзушылық та болған жоқ. Жағдай тұрақталды. Құқық қорғау органдарының күшінің арқасында тәртіп пен қауіпсіздік орнатылды. Тағы да сіздерден арандатуларға ілеспеуді сұраймыз", - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Айта кетейік, елге оралып жатқан қазақстандықтар шекарадан жеңілдетілген режимде өтеді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болды. Бұған дейін Президент қайғылы жағдайға жол берген меморгандардың қызметкерлері жауапқа тартылатынын мәлімдеген еді. 

Жаппай төбелеске 300-ге жуық адам қатысқан. Ауқатты ауылы және Бұлан Батыр ауылдарында жанжал шықты. Бұзақылар металл заттарын, атыс қаруын қолданған. 

Медициналық мекемелерге 137 адам көмек сұрап келді. Екі полицей зардап шеккен. 30-ға жуық үй, 15 сауда орталығы қираған, 23 көлік өртенген. 

Түнде Қырғызстан шекарашылары қазақ-қырғыз шекарасында күшейтілген қызмет тәртібіне ауыстырылған. ҰҚК шекара жабылды деген ақпаратты жоққа шығарып, екі ел арасындағы кеден штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын айтты.

Масанчидегі қақтығыс. Қырғыз-қазақ шекарасынан 4 мың адам өткен

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети