15 қаңтар 2021 08:54

Қазақстанда зейнетақы бағдарламасынан кейін үй қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда пәтер бағасы 13 пайызға дейін қымбаттады. Жылжымайтын мүлік бағасы зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін алу бағдарламасына байланысты көтерілді. Бұл туралы КТК арнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда пәтер бағасы 13 пайызға дейін қымбаттады. Жылжымайтын мүлік бағасы зейнетақы қорындағы қаражаттың бір бөлігін алу бағдарламасына байланысты көтерілді. Бұл туралы КТК арнасының сюжетінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде екінші нарықтағы шаршы метр бағасы рекорд көрсетіп тұр - 230 мың теңге. 

"Шағынаудандағы 65 жылы салынған бір бөлмелі пәтер: панель, 32 шаршы метр. Бұрын оны 11,5-12 миллионға алуға болатын еді, қазір 13,5-15 миллион теңгеге дейін қымбаттады. Бұл ұсыныстар өзекті емес. Қазір пәтер иелері зейнетақы қорындағы ақшасын алады деген желеумен бағаны көтерді", - деді жылжымайтын мүлік агенттігі тобының бас директоры Айнұр Құдайбергенова. 

Бірақ риелторлар бағаның көтерілуінен пәтерлер сатылып кетеді деп ойламайды. Экономистердің айтуынша, жинақтағы ақшасын қазақстандықтардың алты пайызы ғана немесе 700 мыңнан аса адам ала алады. Ал экономкластағы үй оларды қызықтырмайды.

Дегенмен нарықта баға өсіп жатыр. Павлодар мен Қарағандыда да пәтер қымбаттады. Бірақ әдеттегіше ең қымбат пәтерлер Нұр-Сұлтан мен Алматыда. Тек Тараз бен Петропавлдан арзан пәтер табуға болады - бар болғаны шаршы метрі 140 мың теңге. 

"Қазір бәрі ақшасын алғаннан кейін ыстық бәліш секілді сатып ала бастайды. Бірақ күте тұрған жөн. Қалай болатынына қарап, дүрбелеңді өткізіп, асықпай шешу керек. Жаздың соңына қарай мұның неге әкеп соққанын көруге болады", - деп кеңес берді экономист Арман Бейсембаев.

Сарапшылар пәтер алуға асықпауға кеңес береді. Қазір қымбат алып қою қаупі бар. Ал жазға қарай бағалар бұрынғы қалпына қайта түсуі әбден мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети