09 ақпан 2020 16:14

Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасына барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© primeminister.kz © primeminister.kz

Жексенбі, 9 ақпанда ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Жексенбі, 9 ақпанда ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құрамына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА өкілдері кірген Үкімет комиссиясының басшысы Сортөбе және Масанчи ауылдарында болды, қаза тапқандардың отбасыларына барып көңіл айтты. 

"ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің атынан шын қайғырып көңіл айтамыз. Біз сіздерді бұл қиындықта қалдырмаймыз, сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етеміз. Сіздердің отбасыларыңызға көмектесеміз, мемлекет сіздерді қолдайтын болады", - деді Бердібек Сапарбаев.

Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар биліктен кінәлілерді тауып, жазаға тартуды сұрады. 

"Бұл қылмыскерлік ниетпен жасалды. Бейтаныс адамдар ауылда жүріп, үйлерді өртеп, ақша мен алтын талап етіп, қарумен қорқытқан. “Үйлерің өртеніп жатыр, шығыңдар”, деген. Олардың арасында мас адамдар болды", - деді тұрғындар.

Сонымен қатар вице-премьер тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көрді. 

"Мемлекет басшысы отбасыларға барлық қажетті көмекті және қолдауды көрсетуді тапсырды. Комиссия құрамында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев барды. Қазір мамандар келтірілген зардапты бағалап жатыр, барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалпына келтірілетін болады", - деді Бердібек Сапарбаев. 

 

Сонымен қатар Үкімет комиссиясының мүшелері жерлеу рәсімдеріне қатысты. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети