22 ақпан 2021 13:07

Тұрғын үй сатып алуға және ипотекаға қанша қазақстандық зейнетақы жинағын пайдаланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

28 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


28 мыңнан астам қазақстандық зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, біз enpf-otbasy.kz интернет-платформасы іске қосылған бір айдан аз уақытта 28 000-нан аса қазақстандық ипотека рәсімдеп, қарыздарын өтеп, пәтер сатып алғанын хабарлаймыз. (...)

11 мыңнан аса қазақстандық екінші деңгейлі банктерге кредит жабуға және ипотека қарызын өтеуге біржолғы зейнетақы төлемдерін жіберді. 4 мыңға жуық адам тұрғын үйді бір жолғы зейнетақы төлемдері есебінен толық сатып алды.

Зейнетақы қорларын басқа мақсаттарға пайдаланғысы келетіндердің саны әлдеқайда аз болып шықты - 0,7 пайыз ғана", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Отбасы Банк (@otbasy_bank_kz)

Бұдан бөлек, қазақстандықтар зейнетақы жинағын емделуге және инвестиция компанияларына сенімгерлік ретінде пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын емделу үшін алуға болатын ауру тізімімен мына жерде таныса аласыз. Өтінім беру платформасын 25 ақпанда іске қосуға уәде берген.

Зейнетақы жинақтарын басқару компанияларға қалай аударуға болатынын мына жерден таба аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети