30 қазан 2014 15:55

"16 қыз" фильмінде Аша Матай Берік Айтжановтың сүйіктісі болып ойнайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"16 қыз" фильмінің түсірілім жұмыстары. ©Қайрат Әбдрахман "16 қыз" фильмінің түсірілім жұмыстары. ©Қайрат Әбдрахман

"Жұлқыныс" спорттық фильмі бойынша таныс жас режиссер Қанағат Мұстафин "16 қыз" романтикалық фильмінің түсірілім жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Жұлқыныс" спорттық фильмі бойынша таныс жас режиссер Қанағат Мұстафин "16 қыз" романтикалық фильмінің түсірілім жұмыстарын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, Айжан есімді бас кейіпкердің рөлін сомдауға қазақстандық бірнеше актриса үміткер болды, соңында таңдау белгілі тележүргізуші және әнші Аша Матайға түсті. "16 қыз" фильмінің сюжеті Бауыржан (Берік Айтжанов) деген жас жігіт туралы, оны ата-анасы үйлендіруді армандайды. Бұл үшін олар келін іздей бастайды. Жігіттің өзі болса сүйгеніне сүйіп қосылғысы келеді, бірақ оның сүйіктісі Айжан басқа біреумен атастырылып қойған. Қыз әкесін ренжіткісі келмей, Бауыржаннан бас тартуға мәжбүр болады.

"Фильмді түсіру туралы идея төрт жыл бұрын ойда жоқта, аты аңызға айналған "Дос-Мұқасан" тобы орындайтын "16 қыз" халық әнін тыңдап отырғанда келді. Содан бері Қағанат пен онымен бірлескен авторлар түрлі нұсқада жазылған сегіз сценарий жазып шықты", - дейді картина продюсері Айдархан Әділбеков. 

Айта кетейік, "16 қыз" фильмінің түсірілім жұмыстары Баянауылда (Павлодар облысы), Шәкен Аймановтың туған жерінде, сонымен қатар Астана, Қарағанды, Талдықорған қалаларында өтті. Қазір команда фильмнің соңын Алматыда түсіріп жатыр. Фильмге Әнуар Нұрпейісов және Жанаргүл Жанаманова түскен. Сценарийді Қанағат Мұстафин мен Елена Лисасина Жанат Қасабековтың, Рафтың және Талғат Ғаббасовтың қатысуымен жазды. Картина 2015 жылы күзде шығады. 

"16 Қыз" фильмінің түсірілім жұмысы кезіндегі видео

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети