03 қараша 2014 17:07

Актер Санжар Мәдиев отбасын құрғалы отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал актер Санжар Мәдиев үйленгелі отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оның таңдауы екі жыл көңіл қосып жүрген 28 жастағы Мөлдір есімді қызға түсті. Таяуда актер өзінің қызына үйлену туралы ұсыныс жасады.

Жалғасы

Санжар Мәдиев Нью-Йорк киноакадемиясында Film Making мамандығы бойынша білім алған (New York Film Academy). Тұңғыш түскен фильмі - "Көшпенділер". Ол бұл фильм кастингіне кездейсоқ қатысып, массовкада ойнады. Ал Фархат Шәріповтің "Қызғылт қоян туралы ертегі" фильмінде басты рөлде ойнаған соң танымал бола түсті. Бұл фильмге Санжар Қарлығаш Мұхамеджановамен және Әнуар Нұрпейісовпен бірге түсті.

Кейін ол Никита Пресняковпен бірге "Елес қуған сайыпқыран", Әсел Сағатовамен бірге "Атжүріс" фильмінде, "Аңыздар кітабы: Жұмбақ орман", "Астана - жүрегім менің" фильмінде ойнады. Ал жақында ол ағайынды Вайнштейндердің "Марко Поло" деп аталатын америкалық жобасына қатысты. Басылымдар Санжар Мәдиевті ең әдемі актерлер мен қыздар қызығатын бойдақ жігіттердің рейтингіне бірнеше мәрте қосты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети