27 сәуір 2016 14:43

"Алиса айнаның арғы бетінде" фильмі қазақ тіліне аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

26 мамырда еліміздің кинотеатр экрандарына Disney студиясының "Алиса айнаның арғы бетінде" фильмінің қазақшаға аударылған нұсқасы шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


26 мамырда еліміздің кинотеатр экрандарына Disney студиясының "Алиса айнаның арғы бетінде" фильмінің қазақшаға аударылған нұсқасы шығады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл Льюис Кэрроллдың естен кетпес кейіпкерлерінің қызықты оқиғасы жайлы фильм. Алиса өзінің елестеткен Жерасты әлеміне қайтып келіп, Қалпақшыны құтқару үшін өткен өміріне саяхат жасайды. Картинаның режиссері Джеймс Бобин "Алиса ғажайыптар әлемінде" фильмінде өзінің өмірге деген ерекше көзқарасын көрсетеді. Фильмнің сценарийін Линда Вулвертон Льюис Кэрроллдың ойлап тапқан кейіпкерлері негізінде жазған.

Қазақшаға аударылған нұсқаның режиссері Айжан Жәмшітова, бұдан бұрын ол "Джунгли кітабы", "Күлбикеш", "Малефисента" фильмдерінде және "Көліктер" атты анимациялық фильмінің дубляжына қатысқан. Дубляждау жұмыстары отандық Aray Мedia Group кәсіби дыбыс жазу студиясында, ал ақтық дубляждау жұмыстары Лондондағы Shepperton студиясында іске асырылды.

Фильмді дубляждауға қазақстандық 20-дан аса актер қатысты. Олар "Алиса в Зазеркалье" ("Алиса айнаның арғы бетінде") картинасының басты кейіпкерлерін дыбыстады: Назерке Серікболова (Алиса Кингсли), Нартай Сауданбекұлы (Уақыт), Дәурен Серғазин (Қалпақшы Таррант Хайтоп), Айнұр Бермұхамбетова (Ирацебета), Сәнді Қаршалова (Мирана), Майра Омар (Хелен Кингсли), Данияр Сванқұлов (Хамиш), Бекболат Құрманғожаев (Вилкинс), Сағаділдә Үсіпбалиев (Заник Хайтоп), Бейбіт Құсанбаев (Мактвисп), Қымбат Тілеуова (Мальямкин), Шах-Мұрат Ордабаев (Тэкири).

Жоба ұйымдастырушылары: "Болашақ" Қауымдастығы, "Меломан" компаниясының қолдауымен. Жобаның бас демеушілері: "Bank RBK" АҚ, "Exclusive Story" ЖШС.

Өздерінің роліне Миа Васиковска, Джонни Депп, Хелена Бонэм Картер және Энн Хэтэуэй қайта оралды. Сонымен қатар, фильмге Саша Барон Коэн мен Эндрю Скотт түсті.

"Бұл фильмде мені еліктірген бір нәрсе: Мирананың соншалықты мінсіз еместігі жайлы идея. Оның бойында әпкесіне тартқан қырсық мінез бар. Бірақ ол оны барынша жасыруға тырысады", - деді Хэтуэй. Біз оны жақсы етіп көрсек те, негізінде ол біз басында ойлағандай емес екендігін біліп отырмыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети