29 қараша 2016 11:10

Алматыда "Адамзаттың Ұлы саяхаты" атты деректі фильмі көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Алматыда "Адамзаттың Ұлы Cаяхаты" атты деректі фильмі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фильм адамзаттың шығу тегі мен оның тірі қалуының өзекті мәселелерін талқылайды. 


Алматыда "Адамзаттың Ұлы Cаяхаты" атты деректі фильмі көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, фильм адамзаттың шығу тегі мен оның тірі қалуының өзекті мәселелерін талқылайды. 

"Адамзаттың Ұлы Cаяхаты" - "Clearwater Documentary" (Канада) кинокомпаниясының туындысы. Миллиондаған көрерменнің көңілінен шыққан деректі фильм енді қазақстандықтарға да көрсетіліп отыр. Фильм алғаш рет 2015 жылы көрсетілген екен. Айта кетейік, бұл жобаның Алматыдағы көрсетілімін Қазақ Географияық қоғамы мен "Shejire DNA" жобасы ұйымдастырған. Ал фильмнің авторы, продюсері әрі режиссері - белгілі антрополог, Канададағы "Gemini Awards" телевизиялық сыйлығының жеңімпазы Найоби Томпсон.

Фильмнің авторы Алматыда өткен баспасөз конференциясында қазақ тіліне аударылған деректі фильмнің әлемнің он жеті елінде, бес континентінде: Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Африка, Еуразия және Тынық мұхитында түсірілгенін айтып өтті. 

"Жалпы, бұл жобамен екі жыл бойы айналыстық. Бірақ түсірілім жұмыстарына бір жарым жыл кетті. Киноны түсіруге көп адам жұмылған жоқ. 20 кинооператор мен дыбыс операторы ғана болдық. Және фильмді түсіру барысында біз әрдайым дронмен жүрдік", - дейді картина режиссері.

"Адамзаттың Ұлы Cаяхаты" картинасы адамзаттың қалай пайда болғанын, олардың қандай жағдайдан болсын аман қалғандарын көрсетеді. Сыншылардың айтуынша, бұл адамзаттың шығу тегі туралы ең әдемі деректі фильмдердің бірі болып табылады. Фильм авторы адамзаттың әлемдегі жалғыз ақыл иесі деген атаққа қалайша ие болғанын зерттеу үшін әлемнің он жеті еліне саяхаттайды. Көне дәуірдің тыныс тіршілігі мен дәстүрімен танысу үшін Африкаға аттанып, олардың әрбір даму кезеңін зерттейді.

"Фильм арқылы мен біздің өте икемді екенімізді көрсеткім келді. Cебебі, біз кез келген жағдайға бейімделе аламыз. Сондай-ақ, мен бұл фильмді қазақ тіліне аударуымның бірден-бір себебі - осындай ғылыми-танымдық, деректі фильм арқылы Қазақстандағы мемлекеттік тілді дамытуға өз үлесімді қосу", - деп ойын бөлісті картина режиссері.

Оның айтуынша, бұл оның осымен түсіріп отырған алтыншы фильмі екен. "Мен осыдан он жыл бұрын режиссер болып жұмыс істей бастадым. Иә, фильмдердің басым бөлігі ғылыми стильде түсірілген. Бірақ жақында органдар трансплантациясы жайлы фильм түсірдік. Түсірілім жұмыстары Солтүстік Америкада өтті. Яғни, мен адам мен жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырғанда қандай өзгерістердің болатынын байқағым келді", - дейді Найоби Томпсон.

Өз кезегінде Қазақ География қоғамы Президиумының мүшесі, белгілі зерттеуші, "Shejire DNA" жобасының басшысы Нұрбол Байуханов та қазақ тіліндегі деректі фильмнің мемлекеттік тілді дамытуға, еліміздің ғылыми жетістіктерге жете алатынына дәлел болғанын айтты. "Найоби - менің досым, бұрыннан таныспыз. Осы жобамен айналысқанымызға да біраз уақыт болды. "Адамзаттың Ұлы Cаяхаты" деген картинаны аяқтадық. Енді, міне, Қазақстанға келіп, жылқылар жайлы фильм түсіріп жатырмыз.  Яғни, онда біз адам мен жылқының қарым-қатынасы жайлы түсіреміз. Түсірілім жұмыстары Қазақстанда өтеді. Фильм "Эквес" деп аталады. Ол үш эпизодтан тұрады. Осылайша, біз ғылыми жетістіктеріміз арқылы Қазақстанды дамытып, білімді ұлт екенімізді көрсетуіміз керек", - деді "Shejire DNA" жобасының басшысы Нұрбол Байуханов.

Баспасөз конференциясы соңында Қазақ География қоғамы Президиумының мүшесі картина режиссері Найоби Томпсонға алғысын айтты. "Барлықтарыңызға рақмет! Осындай тақырыптағы фильмдерге адамдардың әлі де қызығушылығы бар екені қуантады. Найобидың еңбегі есте қалады деп сенемін. Бұл фильм өзектілігін ешқашан да жоғалтпайды. Найоби өзін осы фильмге толықтай арнады. Оның отбасына да алғыс айтамын, себебі сонша уақытын саяхаттаумен өткізді ғой", - деп алғысын білдірді "Shejire DNA" жобасының басшысы Нұрбол Байуханов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети