25 қаңтар 2017 11:57

Алматыда "Моана" мультфильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Алмалы ауданында "Моана" мультипликациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Алмалы ауданында "Моана" мультипликациялық фильмінің қайырымдылық көрсетілімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алмалы ауданы әкімінің аппараты Алмалы ауданы оңалту мен мүгедектерді бейімдеу балалар орталығының, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларының балаларына арнап мультипликациялық фильмнің қайырымдылық көрсетілімін өткізді. Айта кетейік, игі шараның ұйымдастырушылары - Алмалы ауданы әкімінің аппараты мен "MEGA Park Алматы" ОСО.

Осылайша, балалар Chaplin MEGA Park ультразаманауи кинотеатрында The Walt Disney Company студиясының жаңа көркем мультфильмін тамашалады. Айта кетейік, мультфильмде ержүрек Моана, Тынық мұхитындағы аралдағы шағын тайпаның жауынгерінің қызы әр түрлі оқиғаларды бастан кешіруді армандап, қауіпті теңіз саяхатына шешуге бел байлайды. Үш мың жыл бұрын Полинезияның атақты теңізде жүзгіштері Тынық мұхитындағы көптеген аралдарды ашқан болатын. Алайда белгісіз себептерге байланысты олардың саяхаты ұзақ уақытқа тоқтатылған болатын.  Мотунуи тайпасының жауынгерінің он алты жастағы батыр қызы Моананы оның тайпасына неліктен аралды айналып жатқан рифтен асып ешқайда жүзуге болмайтындығы мазалайды. Моана өз халқын теңізде жүзуге қайта оралуға көмектесуге бел байлайды. Мауи жартылай құдаймен бірігіп, ол ашық мұхитқа естен кетпес саяхатқа шығады. Батырларда алда өзгеше жаратылыс иелерімен, таңғажайыптар және көптеген оқиғалармен кездесу күтіп тұрған еді, ол қорқынышты құбыжықтармен кездесіп, ежелгі дуаны бұзуға тура келеді.

Айта кетейік, бұл шара мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған отбасы мен көпбалалы отбасылардың балаларының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында, сондай-ақ, олардың мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін оятып, эстетикалық мәдениетін дамыту, рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытуға арналған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети