02 мамыр 2019 12:40

"Әмірені" сомдаған Санжар Мәди Халықаралық кинофестивальде үздік актер атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша "Қазақфильм" киностудиясы және "DAR Play" компаниясы түсірген "Әміре" көркем фильмі Richmond International Film & Music Festival кинофестивалінде екі бірдей жүлдеге ие болды: "Үздік оқиғалы фильм" және фильмде басты рөлді сомдаған Санжар Мәди "Үздік актер", - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудия баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кинотуынды қазақтың тенор дауысты біртуар әншіcі Әміре Қашаубаевтың қамшының сабындай қысқа да, жарқын ғұмырын баяндайды. Сондай-ақ, фильмде Әміре Қашаубаевтың танымал америкалық джаз композиторы Жорж Гершвинмен достығы да көрініс табады.

Richmond International Film & Music Festival - АҚШ-та өтетін ауқымды халықаралық кинофестиваль. Виржиния штатындағы Ричмонд қаласына үздік заманауи фильмдерді жыл сайын алып келетін кинофорум.

Былтыр "Әміре" фильмі бірнеше жүлделерге қол жеткізген. Атап айтар болсақ: Hollywood Film Festival кинофестивалінде “Best Global Hollywood Film” жүлдесі, сонымен қатар, Panasonic компаниясы атынан арнайы сыйлық, және Грузияда өткен Golden Eye Халықаралық кино және телеоператорлар фестивалінде арнайы жүлдемен марпатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети