17 сәуір 2017 09:41

Балуан Шолақ туралы көркем фильм түсіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі © "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Дулат Исабековтің сценарийі негізінде Балуан Шолақ туралы толықметраж көркем фильм түсірмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Дулат Исабековтің сценарийі негізінде Балуан Шолақ туралы толықметраж көркем фильм түсірмек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Киносценарий М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында сахналанған "Жаужүрек" пьесасының желісі бойынша жазылған.

Қазіргі таңда түсірілім тобы толықтай жасақталған. Дайындық кезеңінде тұрған түсірілім фильмге қажетті киімдерді тігіп, реквизиттер әзірлеп, декорациялар түрғызып жатыр. Фильмнің түсірілімдері Алматы облысы және Солтүстік Қазақстан облысында өтеді.

Фильмнің режиссері Нұргелді Садығұлов. Оның айтуынша бұл жобаны жүзеге асыруды көптен бері армандаған.

"Мен Балуан Шолақ тұлғасына 1998 жылы Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында оқып жүргенімде қатты қызықтым. Сол кезден бастап осы кісі жайлы фильм түсіргім келді. Балуан Шолақтың бойында ақындық, серілік, әншілік және алып қара күш те бар. Оның еліне, жеріне, отанға деген махаббаты әрқайсымызға үлгі боларлық. Менің ойымша бүгінгінің жастары Балуан Шолақтай ерді білуі тиіс", - деді фильмнің режиссері Нұргелді Садығұлов.

Фильмнің сценариі бірнеше жыл бойы жазылған және қайта өңделген. Түсірілім тобы фильмнің сапалы шығуы мақсатында кеңесшілерді тартқан. Олардың қатарында: көркемдік жетекшісі С.Нарымбетов, көркемдік кеңесшілері Е.Төлеутай, Б.Ыстыбаев, Б.Беделхандар бар.

Фильмге танымал актерлермен қатар экранға алғаш шығып жатқан актерлер де түсетін болады. Фильмнің режиссері әзірге фильмге түсетін актерлердің есімдерін атаудан бас тартып, қысқа қайырды: "Актерлер іріктелді. Алайда бас кейіпкерді әзір айта алмаймын. Себебі екі актердің арасында таңдау үстіндемін".


Суреттер: "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі

Баймырзаұлы Балуан Шолақ (Нұрмағанбет) (1864-1916) - қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Қазіргі Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында туған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети