29 тамыз 2014 12:46

Байғазиннің "Жаралы періште" фильмі Сараево фестивалінде жүлде алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эмир Байғазин. ©kazakhfilmstudios.kz Эмир Байғазин. ©kazakhfilmstudios.kz

Эмир Байғазиннің жаңа жобасы - "Жаралы періште" Сараевода өткен ХХ халықаралық кинофестивальде пост-продакшн деңгейіндегі жобалардың Work in Progress арнайы бағдарламасының басты сыйлығын жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Эмир Байғазиннің жаңа жобасы - "Жаралы періште" Сараевода өткен ХХ халықаралық кинофестивальде пост-продакшн деңгейіндегі жобалардың Work in Progress арнайы бағдарламасының басты сыйлығын жеңіп алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық жас режиссер немістің Post Republic компаниясының 80 мың евросын иеленді. Work in Progress секциясы шеңберінде ақшалай сыйлықты алуға Босния және Герцеговина, Словения, Сербия, Румыния, Израиль, Болгария және Қазақстан елдерінен барлығы жеті жоба таласты. 

"Қазақфильмнің" мәліметінше, фестиваль бағдарламасын көруге киноиндустрияның 500-ге жуық кәсіби өкілі келді, әсіресе "Жаралы періштенің" үзінділерін алғаш болып көру үшін сарапшылар көп жиналды. "Болашақ картинаның жұмыс материалдарын көрсеткен кезде қатты толқыдық, өйткені трилогияның екінші картинасына деген асқан қызығушылық байқалды", - дейді Эмир Байғазин.

Айта кетейік, өткен жылдың тамыз айында Байғазиннің жаңа жобасы Берлин халықаралық кинофестивалі жанындағы "Берлинале резиденциясы" беделді бағдарламасының стипендиаты атанған болатын. Сонымен бірге ХІ Берлин кинонарығы барысында "Жаралы періште" ARTE неміс-француз телеарнасының Халықаралық сыйлығына ие болды.

"Жаралы періште" - Байғазин түсіретін трилогияның екінші бөлімі. Бұл топтаманың алғашқы фильмі - "Асланның сабақтары" да 2012 жылы Work in Progress аясындағы ақшалай сыйлықты иеленген болатын.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети