28 ақпан 2014 10:17

Дэвид Финчер Стив Джобс туралы фильм түсірмек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэвид Финчер. Фото: thehollywoodnews.com Дэвид Финчер. Фото: thehollywoodnews.com

Голливудтық режиссер Дэвид Финчер атақты "Apple" компаниясының негізін қалаушы Стив Джобс туралы биографиялық фильм түсіруді бастамақ, деп хабарлайды Tengrinews.kz The Hollywood Reporter-ге сілтеме жасап. "Әлеуметтік желілер" сценариінің авторы Аарон Соркин осыдан бірер күн бұрын ғана Уолтер Айзексонның "Стив Джобс" атты биографиялық шығармасын экранға ыңғайлып дайындап берген болатын. Биографиялық шығарма Джобстың Айзексонға берген эксклюзивті сұхбаты негізінде дайындалған. Ал экранға шығару құқын Sony Pictures иеленіп отыр. Стив Джобс туралы биографиялық кинотуынды былтыр, яғни 2013 жылы да жарыққа шыққан болатын. Ол кезде экранға тағы бір голливудтық режиссер Джошуа Майклдың "Джобс: Еліктіру империясы" деп аталатын кинотуындысы шыққан-тын. Фильмдегі басты рөлді Эштон Катчер сомдады. Дэвид Финчер бұған дейін де әртүрлі жанрдағы 20 фильм түсірген екен. Олардың ішінде "Жауынгерлер клубы", "Жеті", "Ойын", "Бенджамин Баттонның құпия тарихы" мен "Әлеуметтік желі" фильмі бар. Стив Джобс 2011 жылы қазанның 5-і күні 57 жасқа қараған шағында ауырып қайтыс болған. Джобс өт жолындағы жаман аурумен ұзақ уақыт ауырған екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети