Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Джаред Лето екінші пландағы үздік рөлі үшін "Оскар" жүлдесін алды

03 Наурыз 2014, 10:20
0
Джаред Лето "Даллас сатып алушылар клубы" атты фильмде "Екінші пландағы үздік актер" аталымы бойынша "Оскар" жүлдесіне ие болды деп хабарлайды Tengrinews.kz киножүлденің сайтына сілтеме жасай отырып.

Бұдан бөлек осы марапатқа Бархад Абди ("Капитан Филлипс"), Брэдли Купер ("Америкалық алаяқтық"), Майкл Фассбендер ("12 жыл құлдықта"), Джона Хилл ("Уолл-Стрит қасқыры") үміткер болған еді.

Өзі музыкант әрі "30 Seconds to Mars" тобының көшбасшысы Лето аталған фильмде транссексуал, ЖИТС ауруына шалдыққан адам рөлін ойнайды. Ол осы рөл үшін 13 келіге арықтаған екен. Аталған картинадағы рөлі үшін ол бұған дейін "Алтын глобус" және басқа да марапаттарға ие болған еді.

"Екінші пландағы үздік әйел адам рөлі" аталымы бойынша Оскар жүлдесі "12 жыл құлдықта" фильмінде ойнаған актриса Лупито Нионгоға бұйырды. "Шет тіліндегі үздік фильм" аталымы бойынша Оскар жүлдесіне италиялық "Ұлы сұлулық" фильмі лайық деп танылды. "Үздік толықметражды мультипликациялық фильм" аталымы бойынша "Суық жүрек" картинасы үздік деп табылды.

Американың ұлттық "Оскар" киножүлдесінің 86-шы рет тапсыру салтанаты Лос-Анджелесте Dolby Theatre киенотеатрында өтеді. Салтанат ABC телеарнасының тікелей эфирінен көрсетіледі.




Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай