17 қазан 2019 13:20

Дженнифер Энистон Instagram желісіндегі ақау үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Голливуд жұлдызы Дженнифер Энистон Instagram желісіндегі ақау үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Dailymail.co.uk.


Голливуд жұлдызы Дженнифер Энистон Instagram желісіндегі ақау үшін кешірім сұрады, - деп хабарлайды Dailymail.co.uk.

50 жастағы әртіс өзі түскен "Таңғы шоу" сериалынан үзінді жариялады. Видеода Энистон өз телефонын сындырады. 

"Шын айтамын, мен оны бұзғым келмеді... Осылай жылы қабылдағандарыңыз үшін рақмет, достар", - деп жазды актриса видеоның сипаттамасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

I swear I didn’t mean to break it... Thank you guys for the kind, glitchy welcome ❤️

Публикация от Jennifer Aniston (@jenniferaniston)

Дженнифер Энистон таяуда Instagram желісінде парақша ашып, сурет жариялаған. Бір сағаттың ішінде актрисаға 116 мың қолданушы жазылған, осының салдарынан платформада техникалық ақау пайда болды. Біршама уақыт суретті көру мүмкін болмады. Енді актрисаның парақшасына жазылғандар саны 11 миллионнан асып жығылады, ал оның бірінші жазбасы 12 миллионға жуық лайк жинаған. 

"Достар" сериалы Нью-Йоркте тұратын алты адамның өмірі жайлы. Фильм 1994-2004 жылдары аралығында көрсетілді. Барлығы - 10 маусым. Дженнифер Энистоннан бөлек, Кортни Кокс, Лиза Кудроу, Мэтт Леблан, Мэттью Перри және Дэвид Швиммер есімді әртістер түскен. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети