17 қаңтар 2017 10:51

"Галактика сақшылары. 2 бөлім" мен "Көліктер 3" қазақ тіліне аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Marvel-дің "Галактика сақшылары. 2 бөлім" фантастикалық блокбастерінің алғашқы кадрлары қазақ тілінде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Marvel-дің "Галактика сақшылары. 2 бөлім" фантастикалық блокбастерінің алғашқы кадрлары қазақ тілінде көрсетіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Marvel Comics атты комикстер баспасының топтамасына негізделіп түсірілген. Фантастикалық атыс-шабыс, комедиялық блогбастер - Marvel кинематографиясының он бесінші картинасы, ал 2017 жылы қазақ тіліне дубляждалған екінші кинокартина болмақ.

Басты рөлдерде Крис Прэтт, Зои Салдана, Дэйв Батиста, Вин Дизель және Брэдли Купер, Карен Гиллан, Курт Рассел ойнаса, фильмде Пом Клементьефф, Сильвестр Сталлоне мен Элизабет Дебики де ойнайды. 

Мысалы, фильмдегі жер тұрғыны Питер Квилл (Жұлдызды Лорд), тұйық Дракс Талқандаушы, жалдамалы жендет - Гамора, гуманоид ағаш Грут пен сөйлейтін жанат. Кейіпкерлер бұрынғы қалыптарынан таймаған. Бұл фильмде де таңғажайып шытырман оқиғаларға тап болып, айналасындағыларға зиянын тигізбей (тіпті жағдайды өз пайдалаларына жаратып) аман-сау құтылып шығады. Осы жолы Галактиканың ең құпия сырларының бірін ашамыз: Питер Квиллдің туған әкесі кім?

Айта кетейік, қазақ тіліндегі таңғажайып "Галактика сақшылары. 2 бөлім" кинолентасы 4 мамырда көрсетіледі.

Cонымен қатар, биыл жазда Disney және Pixar студиялары Найзағай Маккуинді сүйіп көретін көрермендерге, жаңа, шапшаң әрі шытырманды оқиғаға толы - "Көліктер 3" мультфильмін ұсынады.

"Көліктер 3" - WaltDisneyжәнеPixar студиясының, қазақ тіліне дубляждалған, комедиялық анимация франшизасының үшінші бөлімі. Адам тәріздес көліктердің шытырман оқиғасы, сол баяғы ғажайып жылдамдықта өрбиді. Жарыскер Найзағай мен оның достарын алда жаңа сынақтар мен зұлым қарсыластар, жаңа жеңістер күтіп тұр.

Мультфильм сюжеті бойынша, желмен жарысқан жарыс көліктерінің әлеміне замауи жаңа көліктер келіп, Найзағайды шаң қаптырған кезде, мульфильмнің басты кейіпкері - көпшіліктің көзайымына айналған, Найзағай Маккуин атты жарыс көлігі шетте қалып қояды. Алайда Маккуин оңайлықпен берілмейді. Сондықтан, ол жас әрі дарынды механик Круз Рамирездің көмегіне жүгінеді. Круз - нағыз білікті маман және өз ісіне жан-тәнімен берілген. Ол Найзағайды қайта көшбасшы ету үшін арнайы мінсіз жоспар құрады. Крузбен Маккуин жеңіске жету үшін бәсекелестердің қандай осал тұстарын пайдалану керектігін жақсы біледі

2011 жылы "Көліктер 2" мультфильмі қазақ тіліне дубляждалған голливудтық кинокартиналардың алғашқы жобасы болып саналады.

"Көліктер 3" мультфильмі еліміздің кинотеатрларынан 15 маусымнан бастап қазақ тілінде көрcетіледі.

Айта кетейік, жобаны "Болашақ" корпоративтік қоры "Marwin" компаниясының қолдауымен ұйымдастырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети