Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Жақсылық Үшкемпіров туралы деректі фильм жарыққа шықты

18 Ақпан 2015, 08:28
1
Жақсылық Үшкемпіров. ©kazsport.kaztrk.kz
Жақсылық Үшкемпіров. ©kazsport.kaztrk.kz

Талдықорғанда атақты палуан, Олимпиада чемпионы, КСРО еңбек сіңірген спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жақсылық Үшкемпіровтің өмірі туралы "Жеңіске құштарлық" деректі-публицистикалық фильмінің премьерасы салтанатты жағдайда өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Фильмнің режиссері - Тоқтар Қарсақбаев. Оның Үшкемпіров туралы фильм түсіруіне атақты спортшымен кездесуі себеп болған. Деректі туынды жас ұрпаққа өмірдегі барлық кедергілерді жеңе білуді, белгілі бір жетістікке жету үшін аянбай еңбек етуді ұғындырады. 

"Жеңіске құштарлық" фильмінде палуанның жеке мұрағатынан алынған деректер қолданылған. Автобиографиялық лентада белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, әртістер мен спортшылар қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы туралы өз пікірлерін білдіреді. Олардың арасында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов пен Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева, Қазақстан күрес федерациясының президенті Сауат Мыңбаев және басқалар бар. 

Еске сала кетейік, Жақсылық Үшкемпіров туралы деректі фильм түсірілетіні өткен жылдың шілде айында хабарланған еді. Фильмнің Қазақстанның түрлі өңірлерінде және Мәскеу қаласында түсірілетіні айтылды.

"Фильм оның қандай адам болғаны жайлы сыр шертеді. Біз Жақсылық Үшкемпіровпен осыдан бір жыл бұрын таныстық. Мен осы уақытқа дейін ол жайлы бірде-бір киноның түсірілмегенін білдім. Ал ол - Олимпиада чемпионы болған алғашқы қазақ баласы. Соған қарамастан, ол - өте қарапайым. Ол бұл атақты өз еңбегінің арқасында, үздіксіз жаттығулардың арқасында жеңіп алды. Ол нағыз еңбекқор, биоробот деп айтуға болады", - деген болатын режиссер Тоқтар Қарсақбаев.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай