11 наурыз 2014 12:20

Жанна Исабаеваның "Нағима" фильмі Францияда Гран-при иеленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанна Исабаева кинофестиваль жүлдесін қабылдауда. Фото Guy Жанна Исабаева кинофестиваль жүлдесін қабылдауда. Фото Guy

Жанна Исабаеваның "Нағима" фильмі Францияда өткен Deauville Asian Film Festival азиялық фильмдер кинобайқауында Гран-при жеңіп алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Кинофестиваль әділқазыларының жүлдесі оңтүстік кореялық режиссер Су-Джин Лидің "Хан Гонг-Джу" фильмі және үнді режиссері Анураг Кашьяптың "Ұсқынсыз" фильмдеріне бұйырды. Әділқазылар алқасының төрағасы франциялық кинорежиссер Клер Дени болды. Сондай-ақ әділқазылар алқасына актер әрі сценарист Рене Боннел, актриса әрі продюсер Роксана Мескида және актер Самир Гесми мүшелік етті. Естеріңізге сала кетейік, Жанна Исабаеваның "Нағима" фильмінің әлемдік премьерасы Пусанда өткен беделді кинофестивальда болған еді. Картина Gala Presentation сессиясында көрсетілді. 2014 жылдың ақпанында 64-інші Берлин фестивалінде "Форум" секциясында "Нағима" фильмі көрсетілген болатын. "Нағима" фильмі балалар үйінің екі түлегі жөнінде. Картинадағы бас кейіпкер Нағима асханада жұмыс істеп нәпақа табады, тапқан табысы қаланың шет ауданынан жалға алатын ескі бөлменің ақысына әрең жетеді. Нағиманың сіңілісі Аня құрсағындағы сегіз айлық баламен Нағимаға қарап отырады. Ол тұрақты тіркелген жері болмағандықтан дәрігерлік тіркеуге алынбаған. Ауруы әбден жанына батып, қансыраған кезде ғана Аня ауруханаға түсіп, босану үстінде көз жұмады. Жалғыз қалған Нағима өзін осыдан 18 жыл бұрын тастап кеткен анасын іздеуге бел буады. Алайда кішкентай нәрестесін кезінде тастап кеткен әйел өзінің қателігін қанша уақыт өтсе де түсінбеген екен. Ол Нағиманы үйінен қуып жібереді. "Нағима" фильмінің басты рөлінде ойнаған Дина Тұқыбаева мен Мария Неженцева бұл картинада дебютант атанды. Сондай-ақ аталған картинада "АРТиШОК" театрның актрисасы Галина Пьянова және Назар Шархан ойнады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети