18 маусым 2019 11:28

Қастеев музейінде анимациялық фильмдер он күн бойы тегін көрсетіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Brod.kz © Brod.kz

Қастеев музейінде балаларға анимациялық фильмдер бір апта бойы тегін көрсетіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қастеев музейінде балаларға анимациялық фильмдер бір апта бойы тегін көрсетіледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Сиқырлы шам" мұражай-отбасылық өнер фестивалі аясында 2019 жылдың 18-28 маусым аралығында "Қазақ елі", "Күлтегін" және "Мұзбалақ" анимациялық фильмдері, сондай-ақ "Алаш туы астында" деректі фильмі Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өнер мұражайында көрсетілетін болады. Барлық фильмдер "Қазақфильм" АҚ-да Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген.

"Фестиваль барысында мұражай залдарына балаларға кіру тегін және 15:00-ден бастап жоғарыда аталған фильмдермен мультфильмдерді балалар тегін көре алады. Көрсетілімдер Қастеев мұражайының дәрісханасы (1-қабатта) өтеді, 24-маусымнан бөлек (дүйсенбі - мұражайда демалыс күн)", - делінген хабарламада.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети