22 қаңтар 2016 16:18

Қайрат Нұртас "16 қыз" фильміне саундтрек жазды

ПОДЕЛИТЬСЯ

3 наурызда прокатқа шығатын "16 қыз" романтикалық комедиясына әнші Қайрат Нұртас саундтрек орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


3 наурызда прокатқа шығатын "16 қыз" романтикалық комедиясына әнші Қайрат Нұртас саундтрек орындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кезінде "Дос Мұқасан" ансамблі орындаған "16 қыз" әніне Алматы қаласында бейнебаян түсіріліп бітті. Айта кетейік, толықметражды комедия түсіруге идея киноның режиссері Қанағат Мұстафин мен продюсер Айдархан Әділбаевта дәл осы композицияны тыңдаған сәтте пайда болыпты.

Қанағат Мұстафиннің айтуынша, қазіргі таңда Қайрат Нұртас ең танымал әртістердің қатарында. Сондықтан оған осы аңыз туындыны орындауға сенім білдірдік.

Картинаның басты рольдерін Берік Айтжанов, Аша Матай және Әнуар Нұрпейісов сомдайды. 2014 жылдың тамыз айында бастау алған түсірілім Шәкен Аймановтың туған жері Баянауыл (Павлодар облысы), Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өтті.

"16 қыз" фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Олар баласына қалыңдық іздейді. Бауыржанның өзі болса сүйген жарына қосылғысы келеді. Алайда, оның сүйіктісі Айжан басқа жігітпен атастырылып қойылған. Сондықтан ол әкесінің көңілін қалдырғысы келмегендіктен, өз сүйгенінен бас тартуға мәжбүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети