Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 330.00
EUR / KZT - 390.72
CNY / KZT - 50.13
RUB / KZT - 5.65

Қайтыс болған С.Хоффманның пәтерінен героин табылды

04 Ақпан 2014, 13:25
0
Филип Сеймур Хоффман. Фотосурет fanpage.it сайтынан алынды
Филип Сеймур Хоффман. Фотосурет fanpage.it сайтынан алынды
Есімі барша өнерсүйер қауымға жақсы таныс актер Сеймур Хоффманның пәтерінен 50 мәрте қолдануға жететін героин мен бірнеше бума шприц табылды. Ол осыдан екі күн бұрын есірткіні шамадан тыс пайдаланғандықтан өмірімен қошайтысқан болатын, деп хабарлайды РИА Новости.

Хоффман пәтерінен сондай-ақ, бұлшық етті қысатын мата, қанқысымын түсіретін және нашақор адамның есірткіге тәуелділігінен арылтатын дәрі-дәрмектер табылған. Дәл қазіргі уақытта полиция қызметкерлері Хоффманның есірткіні қайдан, қашан және кімнен сатып алғанын анықтауға кірісіп кетті.

Естеріңізге саламыз, актердың қайтыс болғаны жөнінде мәліметті алғашқылардың бірі болып оның досы, сценарист Дэвид Бар Кац хабарлаған болатын. Дэвид досының үйіне келгенде Хоффман ванна еденінде жатқан және оның қасында бос шприцтер жатқан. Тергеушілер актердың өмірден озуына есірткіні мөлшерден артық пайдалануы мүмкін деген болжам айтуда.

Филип Сеймур Хоффман 2006 жылы "Капоте" фильміне түскені үшін "Ең үздік ер азамат рөлі" номинациясы бойынша "Оскар" сыйлығын, "Алтын глобус" пен BAFTA секілді басқа да киноматографистер байқауында түрлі дәрежедегі жүлделерді жеңіп алған болатын. Хоффманның артында әйелі мен 3 баласы қалды.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай