24 қазан 2020 09:30

Қазақстандық фильм "Киношок" фестивалінің бас жүлдесіне ие болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

1992 жылдан бері Анапада өтіп келе жатқан беделді "Киношок" фестивалінің қорытындысы жарияланды. Онда ұсынылған екі қазақстандық фильм - "Жаным, ты не поверишь" комедиясы және "Черный черный человек" драмасы бірден 5 марапатқа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


1992 жылдан бері Анапада өтіп келе жатқан беделді "Киношок" фестивалінің қорытындысы жарияланды. Онда ұсынылған екі қазақстандық фильм - "Жаным, ты не поверишь" комедиясы және "Черный черный человек" драмасы бірден 5 марапатқа ие болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі фильмде де басты рольді актер Данияр Алшынов сомдаған. Осылайша марапаттау рәсімі кезінде ол жүлделерді алу үшін сахнаға бес рет көтерілді. 

Қазылар алқасы қазақстандық фильмдер үшін мына номинацияларды берді: 

- Фестивальдің бас жүлдесі "Алтын жүзім" - "Жаным, ты не поверишь";
- "Үздік сценарий" - "Жаным, ты не поверишь" фильмінің алты сценарисіне";
- "Үздік ер адам ролі" - Данияр Алшыновқа "Черный черный человек" фильміндегі ойыны үшін",
- "Үздік режиссура" - Әділхан Ержанов "Черный черный человек" фильмі үшін",
- Баспасөз жүлдесі - "Жаным, ты не поверишь" фильміне.

"Жаным, ты не поверишь" картинасының сюжеті бойынша ерлі-зайыпты тұңғышының дүниеге келгенін асыға күтеді. Осы уақытта басты кейіпкер Дастан (Данияр Алшынов) әйелінің (Әсел Қалиева) тұрақты қыспағына шыдай алмай, кәсіпкер және учаскелік полицей достарымен бір күнге қашып кеткісі келеді. Ер адамдар балыққа шығады, алайда олар алда күтпеген түсініксіз шытырман оқиғаларға тап болады. 

Ал "Черный черный человек" драмалық триллерінде қылмыстық істі тез арада жапқысы келетін тергеуші Бекзаттың (Данияр Алшынов) оқиғасы баяндалады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.44   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети