09 қыркүйек 2015 14:38

Қазақстанмен бірлесіп түсірілген фильм еуропалық киноакадемияның сыйлығына ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фильмнен алынған кадр. © listapad.com Фильмнен алынған кадр. © listapad.com

European Film Academy еуропалық киноакадемиясы номинанттарды жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Олардың қатарында режиссер Георгий Овашвилидің Қазақстанмен ("Қазақфильм"), Германиямен, Грузиямен, Франциямен және Чехиямен бірлесіп түсірген "Жүгері аралы" картинасы бар. Лента продюсерлерінің бірі қазақстандық кинематографист Сайын Ғабдуллин.

Еуропалық киноакадемия 1988 жылы Берлинде еуропалық кинорежиссерлердің бастамасымен құрылған. Биыл жеңімпаздарды жариялау шарасы 12 желтоқсан күні Берлинде өтеді.

Айта кетейік, "Жүгері аралы" фильмі Карловы Варыда өткен халықаралық кинофестивальде бас жүлдеге ие болған, сондай-ақ, Анапада "Киношок" гран-приі берілген. Сонымен қатар, 2015 жылы бұл лента "Шетел тіліндегі үздік фильм" аталымы бойынша "Оскардың" шорт-парағына кірді. 

"Жүгері аралы" психологиялық драмасы грузин режиссерінің бұған дейінгі жұмысы - "Өзге жағалау" сияқты грузин-абхаз қақтығысын баяндайды. Кинолентадағы оқиғалар бір-бірімен жауласып алған екі елді бөліп тұрған өзеннің ортасындағы шағын аралда өрбиді. Шекарада қария немересімен жүгері өсіреді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети