13 қараша 2018 09:05

Marvel комикстерін жасаған Стэн Ли қайтыс болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лос-Анжелесте Marvel комиксінің авторы, жазушы Стэн Ли 95 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды TMZ басылымы оның қызына сілтеме жасап. 


Лос-Анжелесте Marvel комиксінің авторы, жазушы Стэн Ли 95 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды TMZ басылымы оның қызына сілтеме жасап. 

Ли Седарс-Синай медициналық орталығында қайтыс болды, оны үйінен жедел жәрдем алып кеткен. "Әкем барлық жанкүйерін жақсы көрді, ол ұлы, иманды адам еді", - дейді қызы. 

Былтыр Лидің денсаулығы сыр берген. Ол пневмонияға шалдығып, көру қабілетіне байланысты қиындықтар болған. Басылымда жазылған ақпарат бойынша, оның әйелі Джоан 2017 жылы 69 жасында қайтыс болған. 

Стэн Ли - Marvel Comics компаниясының бұрынғы президенті және директорлар кеңесінің төрағасы. 

Басқа суретшілермен бірге ол Spider-Man, Hulk, Doctor Strange, Iron Man, Daredevil, Thor, X-Men және басқа да көркем кейіпкерлерді ойлап тапқан. Ол шығармашылық жолын 1961 жылы Джеко Кербмен Fantastic Four тобының кейіпкерлерін ойлап табудан бастаған. Айта кету керек, Стэн Ли барлық Marvel фильм эпизодтарында ойнаған. 

TMZ ақпараты бойынша, Ли мен Marvel-дің қарым қатынасы компания Голливудты жаулап алуға кіріскеннен кейін нашарлай бастаған. Ол тіпті 2002 жылы Spider-Man фильмінің бірінші бөлігі үшін алған гонорарына байланысты сотқа шағымданған. Ал үш жылдан кейін ол істі жеңіп, 10 миллион доллар алды. 

Spider-Man: Far From Home - келесі жылы шығатын фильм франшизасының соңғы нұсқасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети