29 қаңтар 2021 12:30

Мемхатшы Nomad Stunts каскадерін жүлде алуымен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев танымал қазақстандық каскадер, Nomad Stunts командасының басшысы Жайдарбек Күнғожиновпен кездесіп, оны дүниежүзілік каскадерлер академиясының Taurus сыйлығын иемденуімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көшербаев беделді халықаралық марапат Қазақстан каскадерлерінің шеберлігін мойындаудан бөлек, олардың қазақстандық мәдениет пен кино өнерінің әлемде дамуына қосқан зор үлесі екенін атап өтті.

Айта кетейік, Nomad Stunts каскадерлер тобының жетекшісі, каскадер Жайдарбек Күнғожинов 2020 жылғы қарашада әлемдік каскадерлер академиясының Taurus сыйлығын жеңіп алған болатын.

Каскадерлік "Оскар" деп аталатын беделді сыйлықтың шорт-парағына режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи драмасына қойған трюктері үшін енген.

Nomad Stunts халықаралық кәсіби каскадерлер тобын 2000 жылы ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жайдарбек Күнғожинов құрған. Каскадерлер Голливуд, Болливуд және Түркияның жетекші студияларымен бірлесіп жұмыс жасайды. Олардың фильм қоржынында "47 ронинов", "Неудержимые 2", "Путь домой" жобасы және Netflix және HBO сериялдары бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети