19 қазан 2016 23:07

"Моана" мультфильмінің қазақша трейлері жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Bluraymania.com.ua © Bluraymania.com.ua

Дисней студиясы ұсынған толықметражды "Моана" мультфильмінің қазақ тіліндегі трейлері жарық көрді. Мультфильмнің тұсаукесері 2016 жылы 1 желтоқсан күніне жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Дисней студиясы ұсынған толықметражды "Моана" мультфильмінің қазақ тіліндегі трейлері жарық көрді. Мультфильмнің тұсаукесері 2016 жылы 1 желтоқсан күніне жоспарланған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Фильмнің сюжеті бойынша, қиял әлемде өмір сүретін 14 жастағы Моана өзінің ойындағы ертегі кейіпкері Мауиді іздеу үшін мұхитқа саяхаттайды. Бұл оқиға шамамен 2000 жыл бұрын Тынық мұхитындағы аралдарында болады. 

Айта кетейік, фильмді дубляждауға танымал әншілер мен актерлер тартылған. Олардың арасында Мақпал Исабекова, Бүркіт, Лидия Қаден мен басқа да әншілер мен актерлер бар. Ал дубляждың режиссері Рита Әбішева болса, музыкалық орындаушысы - Күнімгүл Борамбаева. 

"Моана" фильмі Уолт Дисней студиясында түсірілген 56-мультфильм екен. Бұл мультфильмді түсіруде режиссерлер Рон Клементс пен Джон Маскер жұмыс істеген. Олар бұдан бұрын "Су перісі", "Аладдин", "Геркулес" пен "Ханша мен Бақа" мультфильмдерін де түсірген екен. Disney                  "Моанасының" ағылшын тіліндегі нұсқасын Аулии Кравалхо (Моана), қаһарман образын сомдап жүрген Дуэйн Джонсон (Мауи) дыбыстаған. Сонымен қатар, Джемейн Клемент (Таматоа), Рэйчел Хаус (Тала), Темуэр Моррисон (Туи), танымал әнші Николь Шерзингер (Сина) дыбыстаушылар тізіміне енген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети