02 мамыр 2017 11:13

Мұхамедиұлы "Алтын адам" туралы фильмдер түсіруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alauinform.kz © alauinform.kz

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Алтын адам" туралы түрлі фильмдер түсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы "Алтын адам" туралы түрлі фильмдер түсіруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұнда біздің Ұлттық музейіміздің тартымды болуына қатысты мәселелер бар. Бізде өзіміздің үздік туындымыз болуы керек. Ал ондай туындыға, өздеріңіз білесіздер, кем дегенде жүз миллион доллар кетеді. Бізде бір ұсыныс бар. Қазақстанға өздерінің артефактісін -  бізде бар "Алтын адамды" барынша насихаттау керек", - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы үкімет отырысы барысында.

Сонымен қатар, министр артефактілер жайлы фильмдер түсіріп, оларды телеарнадан көрсетуді ұсынды.

"Әлем музейлерінде көрмелер ұйымдастыру керек, көркем, ғылыми-көпшілік, анимациялық фильмдерді түсіріп, оларды жетекші телеарналардан көрсету кажет. Яғни, біз Алтын адамымызды барынша танымал етуіміз керек", - деді Мұхамедиұлы.

Министрдің айтуынша, бұл археологиялық дүние бүкіл әлемге қызық болады. 

"Мысал ретінде "Алтын жауынгер" фильмі жайлы айтқым келеді. Біз оны алғаш рет 2004 жылы Мемлекеттік эрмитажда көрсеткен болатынбыз. Сол кезде біз оны мұражайда 20 күнге қоюға келіскен едік. Алайда олар бір аптадан соң бізге қоңырау соғып, фильмді тағы екі ай көрсетуді сұрады", - деді министр Мұхамедиұлы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети