30 қазан 2018 10:25

Мұхамедиұлы "Айка" фильмінің "Оскар" жүлдесінен үміттілер қатарына қалай ілінгенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР Мәдениет және спорт министрлігі © ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның "Айка" фильмімен "Оскар" жүлдесінен үміттілер қатарына қалай өткені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанның "Айка" фильмімен "Оскар" жүлдесінен үміттілер қатарына қалай өткені туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін режиссер Сергей Дворцевойдың "Айка" атты фильмі "Оскар" жүлдесінен үміттілер қатарына алынбай қойған. Америкалық кинематографиялық өнер және ғылым академиясы Қазақстан атынан берілген бұл фильмнің өтінішін қабылдамай, кинолентаның шығармашылық құрамында ұлттық мазмұн 50 пайыздан төмен екенін айтқан.

Кейін Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Америкалық киноакадемияның ұйымдастыру комитетіне хат жолдады. 9 қазанда "Айка" фильмінің "Оскар" жүлдесінен үміттілер тізіміне кіргені анықталды.


© ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Министрліктің мәліметінше, "Айка" фильмі Қазақстан атынан "Оскар" жүлдесіне қатысуға лайықты бірден-бір өнім. Америкалық киноакадемия дирекциясында туындаған мәселе картинаны түсірген режиссер Сергей Дворцевойдың Шымкент тумасы болып, кейін Ресейге көшіп, азаматтығын ауыстырғанына байланысты болыпты. 

Алайда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіндегілер бұл картинаның басым бөлігі отандық деп отыр.

"Біздің "Айка" фильмі бойынша өтінішімізге қатысты жағдайдың қалай басталғанын білесіз бе. Сондықтан біз шығармашылық және түсірілім тобының басым бөлігі қазақстандықтар екенін дәлелдеу керек болдық. Өзіңіз білетіндей, негізгі өкілдер - продюсер Гүлнәр Сәрсенова, басты рольді сомдаған - Самал Еслямова, композитор - Рустам Гоипов", - деді Мұхамедиұлы.

"Біріншіден - басты режиссер Сергей Дворцевойдың Қазақстанда туып, білім алғанын, жұмыстарының көпшілігін осында түсіргенін, тіпті анасының Шымкентте тұратынын дәлелдей алдық. Ол режиссер, сценарийші ретінде Қазақстанда қалыптасты. Екіншіден - фильмді түсіруге қатысқан шығармашыл топты толығымен көрсеттік. Яғни, шығармашылық және түсірілім тобының 60 пайызы отандастарымыз. Біз Министрлік атынан тағы бір мәрте хат жазып, Америкалық киноакадемияның ұйымдастыру комитетіне жолдадық. Біз ақыры "Айка" кинокартинасындағы қазақстандық құрамды дәлелдеп, келесі жылғы "Оскар" жүлдесінен үміттілердің шетелдік фильмдер тізіміне кірдік", - деді Мұхамедиұлы. 

Айта кетейік, "Оскар" жүлдесіне түрлі номинация бойынша шамамен 150 елден фильмдер ұсынылған. Көркемдігі жағынан "Айка" іріктеудің барлық шартына сай келген. "Айка" фильмі туралы ақпарат жүлде комитетінің сайтында жарияланды.

Еске сала кетейік, "Айка" бұған дейін Канн фестивалінде "Үздік әйел ролі" номинация бойынша жеңімпаз болды. Қазақстандық Самал Еслямова алтын пальма бұтағын иеленді.

Қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігі продюсер Гүлнәр Сәрсеновамен бірлесіп "Айка" картинасын одан әрі танымал етумен белсенді түрде айналысып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети