28 қазан 2014 12:40

"Нағима" фильмі Мароккода өткен кинофестивальде бас жүлде алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нағима фильмінің постері Нағима фильмінің постері

Жанна Исабаеваның "Нағима" деп аталатын фильмі Мароккода өткен ХІ халықаралық кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жанна Исабаеваның "Нағима" деп аталатын фильмі Мароккода өткен ХІ халықаралық кинофестивальде бас жүлдені жеңіп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Картина, сонымен қатар, киносыншылардың сыйлығын алды. Ресми конкурстың қазылар алқасының өкілі Мишель Халифек сыйлықты тапсыру кезінде қазақстандық фильмнің көркемдігі жоғары деңгейде жасалғанын атап өтті.  

"Нағима" фильмі балалар үйінің екі түлегі жөнінде. Картинадағы бас кейіпкер Нағима асханада жұмыс істеп нәпақа табады, тапқан табысы қаланың шет ауданынан жалға алатын ескі бөлменің ақысына әрең жетеді. Нағиманың сіңілісі Аня құрсағындағы сегіз айлық баламен Нағимаға қарап отырады. Ол тұрақты тіркелген жері болмағандықтан дәрігерлік тіркеуге алынбаған. Ауруы әбден жанына батып, қансыраған кезде ғана Аня ауруханаға түсіп, босану үстінде көз жұмады. Жалғыз қалған Нағима өзін осыдан 18 жыл бұрын тастап кеткен анасын іздеуге бел буады.

Естеріңізге сала кетейік, Жанна Исабаеваның "Нағима" фильмінің әлемдік премьерасы Пусанда өткен беделді кинофестивальда болған еді. Картина Gala Presentation сессиясында көрсетілді. 2014 жылдың ақпанында 64-інші Берлин фестивалінде "Форум" секциясында "Нағима" фильмі көрсетілген болатын. Кейін картина Францияда өткен Deauville Asian Film Festival азиялық фильмдер кинобайқауында Гран-при жеңіп алды

"Нағима" фильмінің басты рөлінде ойнаған Дина Тұқыбаева мен Мария Неженцева бұл картинада дебютант атанды. Сондай-ақ аталған картинада "АРТиШОК" театрның актрисасы Галина Пьянова және Назар Шархан ойнады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети