19 қаңтар 2021 16:19

Назарбаев актер Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев актер Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев актер Әлімғазы Райымбековтің отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Елбасы белгілі актер Әлімғазы Райымбековтің өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Ол ұлттық киномызда ұмытылмас бейнесі мен өзіндік ізін қалдырған талант иесі болатын", - делінген хабарламада.

Еске салайық, белгілі қазақстандық актер Әлімғазы Райымбеков 19 қаңтарда 86-ға қараған жасында өмірден озды. "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлімғазы Райымбековті жерлеу рәсімі ертең Алматы облысы Көксу ауданы Мәмбет ауылында өтеді.

Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы актердің қызы Сурия Райымбекова айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.37   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети